Бүгін «Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде» «WorldSkills Kazahstan 2021» республикалық кәсіби шеберлік конкурсының «Бастауыш сыныптарда сабақ беру» құзыреттілігі бойынша ашылу салтанаты өтті. Бұл чемпионатқа Маңғыстау облысының намысын қорғауға, колледждің «Бастауыш білім беру» мамандығының 4 — курс студенті Нұрлан Жанайым қатысуда. Жетекшісі колледждің білікті маманы және компатриот – сарапшы Надирова Фариза Ерболсынқызы. Дүбірлі додаға жан-жақты дайындаған жетекшілерінің еңбегі ақталып, жеңіспен оралуына тілектеспіз!