Профессорлық-оқытушылар құрамы

Жұбаева Зауре Құлшыққызы



87013954134

zaure.zhubaeva@yu.edu.kz

Лауазымы: Математика пәні оқытушысы
Санаты: санатсыз
Ғылыми дәрежесі: магистр

Жұбаева Зәуре Құлшыққызы – математика пәнінің оқытушысы, магистр, педагогикалық еңбек өтілі – 41 жыл.

1959 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Таушық аулында дүниеге келген.

Білімі: Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогика институтына математика мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтап шықты.

Содан бері Жұбаева З.Қ. Маңғыстау облысының білім беру саласында үздіксіз қызмет етіп келеді.

Еңбек жолы: 1980 жылдан 1997 жылға дейін Маңғыстау ауданының орта мектептерінде, 1997 жылдан 2002 жылға дейін Ақтау қаласындағы М. Әуезов атындағы №20 орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады.

1997 жылы Жұбаева ҚР Білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2002 жылдан осы күнге дейін Есенов университетінде жұмыс жасайды, 2018 жылға дейін «Физика және математика» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарды. 2018 жылдан бері осы колледжде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды.

2005 жылы «Педагогика» мамандығы бойынша магистратураны ғылыми-педагогикалық бағытта үздік бітіріп, магистр дәрежесін иеленді.

Марапаттары: Бірнеше рет университет ректорының, факультет деканының грамоталарымен, алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

2020 жылы Зәуре Құлшыққызы ҚР Білім және Ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ол «Ұлы дала жастары» республикалық олимпиадасының жеңімпаздарын дайындағаны үшін Алғыс хатпен, білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін облыстық Техникалық және Кәсіптік білім беру департаменті басшысының Алғысымен марапатталды.

Қызығушылығы: Зәуре Құлшыққызы колледжішілік, облыстық іс-шараларға, республикалық ғылыми-конференцияларға белсене қатысып келеді. Колледж «Озық тәжірибе» мектебінің мүшесі, жас мамандардан ақыл-кеңесін аямай, өз тәжірибесімен бөлісіп отырады.