Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл. Бүгін осындай атаумен ауған соғысының ардагері Онаев Бауыржан Игсатовичпен колледж студенттері кездесті. Кездесу барысында Ауған соғысы ардагеріне сан сауал қойылып, өткен күндердің қиындығы сөз болды. Кездесу соңында Бауыржан Игсатович жастарға жылы лебізін білдірсе, колледж атынан ардагерге естелік сый табысталды.