Осындай атаумен ағымдағы жылдың жылдық жоспарына сәйкес колледждің әкімшілік қызметкерлері мен оқытушыларының ұйымдастыруында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеден жалпы сомасы 42500 теңге жиналды. Жиылған қаржы колледждің ақылы бөлімінде оқитын студенттің оқу ақысына жұмсалып, түбіртек шәкірттің анасына табысталды. Қаржылық қиын кезеңді кешіп жүрмін деген студенттің анасы оқу ақысына тамшыдай үлес қосқан колледж ұжымына аналық алғысын білдірді.