Амал күні қарсаңында колледжімізде «Көктем аруы- 2021» байқауы 1 курстар арасында өткізілді. Бұл байқауға 1 курс топтарының өнерлі, білімді деген қыз балалары қатысып өздерінің шеберліктерін көрсетті. Қыз балаға тән асыл қасиеттердің ата-анадан дарыған асыл қазынаны көрсету мақсатында әр қатысушы өз бақтарын сынға салды. Өздерінің әр түрлі өзгешеліктерімен көзге түсіп П-20 тобының студенті Баймурзаева Г «Көктем аруы» атағына ие болса, НО-20 тобының студенті Есенова Ақбота «Инабатты ару», ФК-20 тобының студенті Карл Лаура «Шебер ару» атанып, УиА-20-1 тобының студенті Бакытова Жанна «Өнерлі ару» номинацияларына ие болды. Осындай қыз балаларға арналған тәрбиелік шараны ұйымдастырушы «Тұмарым» қыздар ұйымының жетекшісі Надирова Ф.Е.