Колледж ішінде жоспарға сәйкес «Мерген ару» байқауы өткізілді. Нәзік жандылар пневматикалық винтовканы қолға алып бақтарын сынады.

Нысанаға дөп тигізген Ис-20 тобының студенті Кулмуханбет Ақдана басжүлде иегері атанды. Бірінші орын П-20-1 Баймурзаева Гүлназ бұйырса, екінші орынды П-20-3 Базарбай Нұрай місе тұтты. Үшінші орынды Втипо-20с/о  тобының студенті Арманд Айша иеленді. Жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды Ис-20 тобы, екінші орынды УиА-20-1 тобы, үшінші орынды П-20-3 тобы өзара бөліп алды. Жеңімпаздарға колледж директорының дипломдары табысталды.