1. «Yessenov college» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қоғамдық пайдалы кәсіби қызметтердің негізгі бағыттары бойынша білікті жұмысшылар мен орта буын мамандар дайындауға жіберілген және орта білім деңгейінің негізгі болып табылатын техникалык және кәсіптік білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру үшін құрылған заңды тұлға статусын меңгерген кәсіпорын болып табылады.
2. Мекеменің түрі: Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
3. Кәсіпорынның құрылтайшысы және басқарушысы КЕАК «ІІ. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжинириг университеті» болып табылады.
4. Кәсіпорынның мемлекеттік тілдегі атауы: толық: «Есенов колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қысқартылған: Есенов колледжі.
5. Кәсіпорынның орыс тіліндеті атауы:
толық: Товарищество с ограниченной ответственностью «Колледж Есенова». қысқартылған: Колледж Есенова.
6. Кәсіпорынның ағылшын тіліндегі атауы:
толық: Limited liability partnership « Yessenov college».
қысқартылған: «Yessenov college».
7. Кәсіпорынның тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы,
130000, Ақтау қаласы, 11 шағын аудан, 46 ғимарат.
1. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп,
заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
2. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде ұйымның толық атауы бар мөрі, мөртаңбалары мен бланкілері, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тіркелген эмблемасы (символдары) болады.
3. Кәсіпорын басқа заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы
(қатысушысы) бола алмайды.
4. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша иелігіндегі мүлікпен жауап береді.
5. Құрылтайшы орындауға міндетті нұсқаулар беруге құқылы және онымен осындай нұсқауларды орындау үшін жасалған мәмілелер
бойынша
Кәсіпорынмен бірге субсидиарлық жауапты болады.
6. Құрылтайшының кінәсінен кәсіпорын банкрот болған жағдайда
Құрылтайшы оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты болады.
7. Құрылтайшының акцияларын осындай ұйымның дауыс беретін
акцияларының он пайызынан аспайтын мөлшерде иелену құқығы бар қаржы
ұйымдарын қоспағанда, Кәсіпорын Құрылтайшының акцияларын сатып ала
алмайды.
8. Кәсіпорынның азаматтық-құқықтық мәмілелері Әділет Басқармасында міндетті тіркелуден өткеннен кейін күшіне енеді.
9. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті турде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық — құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.
1. Кәсіпоры қызметінің мәні жалпы орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ негізгі орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырады, сонымен қатар кәсіптік даярлау және қайта даярлау қызметін жүзеге асырады. Колледждің білім беру қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, оқу жоспарларына, оқу процесінің кестесіне және директор бекіткен сабақ кестелеріне сәйкес жүргізіледі.
2. Кәсіпорын қызметінің мақсаты мамандықтар мен біліктіліктер лицензиялар мен қосымшаларға сәйкес колледждің әлеуетіне сай білім берудің жоғарғы сапасымен қамтамасыз ету және білім беру қызметін жаңарту жолымен еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті техникалық кәсіптік білімі бар
мамандарды даярлау болып табылады.
3. Кәсіпорын алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді жүзеге асырады:
– ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны қалыптастыру және дамыту;
– білім алушыларды кәсіптік бағдарлаумен қамтамасыз ету;
– теориялық және өндірістік оқытудың өзара байланысын қамтамасыз ету;
– заманауи білім беру технологияларын енгізу;
– білім беру бағдарламаларын өндірістік тәжірибемен ұштастыру;
– техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігі мен тартымдылығын арттыру;
– кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту;
– әлеуметтік серіктестікті дамыту;
– өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы оқу шеберханаларында және кәсіпорындар базасында ұйымдастыру.
Білім беру бағдарламаларын меңгеріп, қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға «орта буын маманы» біліктілігі және (немесе) тиісті біліктілік беріледі.
4. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
– еңбек нарығында сұранысқа ие, мемлекеттік лицензияға сәйкес жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын, оның ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды іске асырады;
– білім алушылар мен қызметкерлерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді;
– білім алушыларды ақылы негізде жатақханамен қамтамасыз етеді.
5. Кәсіпорынға осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым
салынады.
6. Кәсіпорын қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшыны жарғылық құзыретін бұза отырып жасалған мәмле тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органының не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
7. Кәсіпорынның қызметінің тәртіптері және білім алушылардың сабақтарының тәртіптемелері жалпы орта мен техникалық және кәсіптік, негізі орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қызмет түрлерінің
Үлгілік ережелерімен реттеледі.
8. Кәсіпорынға білім алушыларды қабылдау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарына қабылдаудың Үлгілік ережелеріне және тиісті оқу жылына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен колледждерге қабылдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
9. Кәсіпорын мен білім алушылар арасындағы қарым-қатынас осы Жарғымен, кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерімен және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен реттеледі.
Кәсіпорын Құрытайшы келісімімен өз жұмысының ерекшеліктеріне сәйкес шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдары, халықаралық ұйымдар және қорлармен байланыс жасауға, ынтымақтастық туралы екі жақты, көп жақты келісім-шарттар жасауға, білім алушыларды халықаралық бағдарламаларда ауыстыруға қатысуға, білім беру саласында халықаралық
үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастық) кіруге құқығы бар.
1. Кәсіпорынды басқару келесі органдармен камтамасыз етіледі:
1) Жоғарғы орган — оның құрылтайшысы;
2) Атқарушы орган — директорат;
3) Бақылау органы — тексеру комиссиясы.
Қажетті жағдайда Құрылтайшы атқарушы органның қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және жылдық қаржылық есептілігі туралы қорытынды беру үшін тәуелсіз аудиторларды тарту құқығын өзіне қалдырады;
4)Алқалы орган — Педагогикалық кеңес
2. Кәсіпорынды басқару Қазақстан Республикасы Заңнамасы мен білім беру ұйымдары туралы Үлгілілік ережелерге және Жарғыға сай жүзеге асады.
1. Кәсіпорынды қаржыландырудың жеке жоспарын бекітеді;
2. Кәсіпорын мүлкінің сақталуына бақлауды жүзеге асырады;
3. Белгіленген тәртіпті кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату, оның филиалдары мен өкілдіктерін құру, Кәсіпорынның Жарғысын бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;
4. Кәсіпорынды басқару мәселелері бойынша актілерді әзірлейді, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
5. Кәсіпорын басшысының құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктерін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды.
6. Жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
7. 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын мәмілелер жасауға келісім береді.
8. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте басқа да
функцияларды жүзеге асырады.
Кәсіпорынның жарғылық капиталы меншік иесінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптасады.
1. Кәсіпорын мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын оның активтері құрайды және оның төмендегі мүлктерден тұрады:
1) Құрылтайшы берген мүлік;
2) Өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де
қаржы көздері есебінен құрылады.
2. Кәсіпорын дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге
құқығы жоқ.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен кәсіпорынға кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпорынның иелігінде қала береді.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында қосымша қаржыландыру
кезі белгіленбесе, кәсіпорынның қызметін бюджеттен және бюджеттен тыс қаржыландырады.
5. Кәсіпорын бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
6. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия
Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Жоғарғы орган және басқа да мемлекеттік органдары жүзеге асырады.
Кәсіпорынның еңбек ұжымын еңбек шарттарының, сондай-ақ қызметкерлер мен кәсіпорын арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін басқа құжаттардың
негізінде оның қызметіне өз еңбегімен қатысатын барлық азаматтар құрайды.
Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
1. Кәсіпорынның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
құрылтайшыны шешімі бойынша жүргізіледі.
2. Кәсіпорынның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдері жоқ.
