🔍

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: (заңнамада көзделмеген, құжаттар тізбесі «Білім туралы» ҚРЗ 26-бабының 6-тармағына сүйене отырып қалыптастырылған).

1) еркін нысанда қабылдау туралы өтініш;

2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

3) өлшемі 3х4 см, 4 дана фотосурет;

4) флюроскоппен қоса берілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін медициналық әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);

5)ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болса);

6) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке немесе заңды өкілдері ұсынады.

Scroll to Top