Ішкі тәртіп ережесі

1. Жалпы ережелер

 

 

1.Осы Ереже Колледжде студенттер  қызметінің ішкі тәртіптерін  анықтайтьн акт болып табылады; 

 2.Студенттер оқу жоспарларына және білім беру бағдарламаларында       қарастырылған, білім алуға қатысты барлық тапсырмаларды бекітілген уақытта орындауға міндетті;

  3.Оқу тәртібі Колледж әкімшілігінің тарапынан сендіру, тәрбиелеу, сондай — ақ  адал еңбегі мен білім үшін мадақтау әдістері арқылы оқу міндеттерін сапалы орындау, қалыпты жоғары өндірістік жұмыстар үшін қажетті  ұйымдық  және экономикалық шарттардың құрылуын    қамтамассыздандырады; 

 4.Ішкі тәртіп ережелерін қолдануға қатысты мәселелерді Колледж әкішілігі        өзіне берілген құқықтар шегінде, ал ҚР — ның қолданыстағы заңдарында немесе Ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген жағдайда — Колледждің Студенттік парламентімен келісе отырып немесе бірігіп шешеді;

5.Колледж студенттерінің ішкі тәртіп ережелері және оларға қосылатын барлық  өзгерістер мен қосымшалар әкімшілік  ұсынысы бойынша Колледж білім алушылары өкілінің қатысуымен педагогикалық Кеңесте қолданылады және басшының бұйрыққа қол қойған сәтінен бастап күшін енеді.

6.Студенттер қызметінің ішкі тәртіп ережелері Колледждің хабарландыру тақтасына ілінеді.

2. Студенттердің негізгі құқықтары

   1.ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім  алуға;

  2.Білім беру гранты бойынша және келісім шарт негізінде білім алуға;

    Орнатылған көлемде степендия алуға(мемлекеттік таптырыс бойынша білім алатын тұлғаларға арналған);

    Колледждегі кітапхана, ақпараттық қорларды, оқу, емдік және басқа да бөлімшелер қызметтерін тегін пайдалануға;

    Барлық мәдени жобалар түрлеріне, ғылыми — зерттеу жұмыстарына,      конференцияға, мәжілістерге, өз жетістіктерін публикалауға, пәндік              үйірмелерге қатысу мүмкіндігіне ие; 

    Оқытылатын пәндер бойынша оқытушылардан кеңес алуға, оқытудың  сапасы мен әдістері туралы ойын жеткізуге, оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар білдіруге;

 3.Конференцияларға, құрылымдық ұйымдастырылатын барлық байқауларға, көркем өнерпаздар спорт секцияларының жұмысына, жарыстарға, денсаулық күніне арналған және басқа да ic шараларға қатысуға;

   4.Колледждегі студенттік өзін — өзі басқару органында сайлауға және сайлануға;

5. Сабақ барысындағы ерекше және оқу және қоғамдық жұмыстарға катысқаны моральды және материалдық жағынан мадақталуға;

6.Өзін — өзі басқару органында сайлауға және сайлануға;

3. Студенттердің негізгі міндеттері

   

   1. ҚР — ның «Білім туралы » заңында бекітілген міндеттерді орындауға;

   2.Колледж Жарғысын, студенттер қызметтерінің ішкі тәртіп ережелерін   ұстануға, педагогикалық Кеңес шешімін, басшының, басшы  орынбасарының оқу, мәдени, ғылым процестерін түзейтін, олардың   ұйымдастарылуы мен өткізілуіне қатысты бұйрықтар мен өкімдерді  орындауға;

   3.Студенттер таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен      практикалық дағдыларды меңгеріп, барлық барлық тапырмалар  мен  емтихан — сынақтарды оқу жоспарына сәйкес белгіленген мерзімде  тапсыруы тиіс;

    4.Мемлекеттік білім беру стандарттарына сай сабақтарға қатысып, оқу  бағдарламасындағы барлық тапсырмаларды уақытында орындап,  академиялық қарыздарды жоюы тиіс;

   5. Колледж оқу корпусында жүрген кезде өзін лайықты ұстауға, басқа  студенттердің өз міндеттерін орындауға зиян келтіретін істерден алшақ болуға, жалпы адамгершілік және этикалық нормаларды ұстануға;

 6. Зертханаларда, оқу кабинеттерде, сабақ өткізу барысында және оқу өндірістік практиканың өту кезінде тек қана сабақ басшысы көрсеткен аспаптармен және құралдарды пайдалануға, оларды ұқыптап ұстауға және техникасын сақтауға, суретке, ұялы телефондарға суретке және бейне түсірілімге түсіруге тиым салынады;

7.Топ старостасы тікелей топ жетекшісіне, бөлім меңгерушісі, басшының орынбасарларына, студенттік парламент өкіліне бағынады және олардың барлық айтылған және хат түрінде берілген тапсырмаларын орындайды және оларды өз тобына хабарлайдыоларды;

 

     1. Қоқан — лоқы көрсетіп, құқық бұзып, төбелескені үшін студент  Колледждің студенттер қатарынан шығарылады;

    2.  Ер балалар қысқа қиылған шашпен және таза қырылған болуы керек,  ал қыз балалардың шаштары ұқыпты жиналып жүруі керек;

     3.Студенттердің Колледжге кірулері арнайы картаны пайдалану арқылы  турникет бойынша жүзеге асырылады;

     4.Ауырған немесе сабаққа келмеген жағдайда топ старостасына, топ жетекшісіне немесе білім меңгерушісіне хабарлау. Себепсіз қалған  жағдайда ескертілмесе, себепсіз деп есептеледі. Ауырған кезде медициналық анықтама тапсыру қажет;

    5. Сабақ барысында оқытушыны және білім алушылардың жауаптарын      мұқият тыңдап, сөйлеспеу, басқа істермен айналыспау. Аудиториядан  кіріп — шығу тек оқытушының рұқсатымен жүзеге асырылады;

  6. Колледж оқу корпусында жүрген кезде өзін лайықты ұстауға, басқа студенттердің өз міндеттерін   орындауға зиян келтіретін істерден алшақ болуға, жалпы және этикалық нормаларды ұстануға, Колледждің icкерлік беделін құрметтеуге-қорғауға;

 7. Студентгердің Колледжге арнайы картаны пайдалану арқылы турникет бойынша жүзеге асырылады.

4. Колледж ғимаратында жасауға тиым салынады

   1.Қатты сөйлеуге, шулауға, музыка тыңдауға, дөрекі сөйлеуге, сабақ  барысында колледж дәлізінде жүруге;

  2.Дене жарақаттарын келтіруге, бір —  біріне жаман қатынас құрып бірін — бірі  балағаттауға, басқалардың мүлкін ұрлауға, басқаларды және  Колледж  мүліктерін әдейі бұзып, бұзақы қылықтар көрсетуге;

  3.Мекемеде, аймақта, аулада, оқу корпусының  кіре берісінде темекі шегуге,  түкіруге, шашуға;

  4.Қоғамдық тәртіппен регламентті бұза отырып саяси және рухани     сипаттағы іс — шараларды өткізуге, ҚР- ның заңнамасына қайш             тіркелмеген ұйымдардың атрибутикаларын пайдалануға және ойларын  насихаттауға;

     5.Оқу кабинеттеріне сырт киіммен кіруге болмайды;

     6.Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз Колледждің түрлі құралдары мен басқа да бұйымдарын шығаруға;

   7.Спирт сусындарын, уландыратын немесе есірткілік мастандыратын  құралдарды пайдалануға;

   8.Сабақ барысын бұзуға, аудиторияға оқытушының рұқсатынсыз кіріп  шығуға;

    9.Студент өзінің академиялық шыншылдығын түсірмей ұстау керек;

 10.Қару-жарақты, атылғыш заттарды, газ балондарын алып келуге, таратуға, жарылысқа немесе өртке соғатын барлық құралдармен бұйымдарды пайдалануға;

11. Қарым-қатынас шешу кезінде күш пайдалануға, ортадағыларға қауіп төндіретін істер жасауға;

 12. Шемішкі шағу мен құмарлық ойындар ойнауға;

13. Жарқын косметиканы пайдалануға, сәндік бұйымдарды көп мөлшерлерде және оларды ұзын етіп тағуға;

14. Діни киімдер киюге және Колледжде діни атрибутгар пайдалануға;

15.Сабак барысын бұзуға, аудиторияға окытушының рұқсатынсыз шығуға;

5. Оқу тәртібін бұзғаны үшін қойылатын жауапкершілік

 

 

 

 

  1.Колледж Жарғысында, Ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген оқу  жоспарын орындамағаны, бұзғаны үшін төмендегі тәртіп ықпалынсыз  келесі шара қолданады;

       1) колледжден шығару;

       Студенттерге төмендегі жағдайлар кезінде тәртіптік шаралар  қолданылады:

        a)осы ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген міндеттерді бір рет немесе  жүйелі орындамаған кезде;

        б)оқу орнын тағайындаусыз пайдаланғаны үшін;

        в)оқу орнына зиян келтіргені үшін;

        г)студенттер ешбір себепсіз сабақтарға қатыспағаны үшін: 54 сағат  қалдырғаны үшін — колледждің білім алушылар қатарынан  шығарылады;

        д)ҚР заңнамаларында көрсетілген басқа да жағдайларда;

        е)есірткі заттарды сақтаған, таратқан жағдайда;

   2.Тәртіп шараларын қолдану колледж басшысының бұйрығымен        рәсімделеді;

 3. Тәртіптік жаза, сонымен қатар оқудан шығару, колледж студенттерінен жазбаша түрінде түсініктеме алған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Білім алушының  жазбаша түрде түсініктеме бермегені оған тәртіптік жаза шараларының қолданылуына кедергі етпейді. Әрбір тәртіптік жаза шарасы жөніндегі мәлімдемеде бәләм алушының жеке ісіне енгізіледі;

4. Тәртіптік жаза қолданылған кезде жасалған тәртіпсіздік  пен жағдайдың ауыртпашылығы есепке алынады;

5.Студенттер ауырған жағдайда (құжатпен расталған кезде) академиялық демалыс кезінде оқудан шығару мүмкін емес;

6. Оқудағы жетістіктері үшін мадақтау

1. Оқудағы және қоғамдық, мәдени және ғылыми өміріне белсене қатысқаны үшін студенттерге төмендегі  моральды және материалды мадақтау формалары орнатылады:

а) Алғыс жариялау;

б) Колледждің құрмет граммотасымен наградттау;

в) Басқа да мадақтау шаралары;

Мадактау Колледж басшысының бұйрығымен жарияланады және студенттің жеке ісінеде сақталады;