
Биыл ұлы ғалым, ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл. Осы мерейтойға орай колледж кітапханасында “Шоқан ізімен” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – Шоқанның ғылымға қосқан мол үлесін танытып, жас ұрпаққа өнеге ету. 📚
Көрмеде:
— Шоқанның өмірі мен шығармашылығын таныстыратын кітаптар
— Ғалым жайлы жазылған зерттеулер
— Фотосуреттер мен деректі материалдар
орын алды.
Шоқан Уәлихановтың мәңгілік мұрасы – халқымен бірге жасай береді!
