Ішкі тәртіп ережесі

1. Жалпы ережелер

  •  
  •  
  •     Студенттер оқу жоспарларына және білім беру бағдарламаларында                    қарастырылған, білім алуға қатысты барлық тапсырмаларды бекітілген          уақытта орындауға міндетті;
  •     Оқу тәртібі Колледж әкімшілігінің тарапынан сендіру, тәрбиелеу, сондай —          ақ  адал еңбегі мен білім үшін мадақтау әдістері арқылы оқу міндеттерін          сапалы орындау, қалыпты жоғары өндірістік жұмыстар үшін қажетті                  ұйымдық  және экономикалық шарттардың құрылуын                                            қамтамассыздандырады; 
  •     Ішкі тәртіп ережелерін қолдануға қатысты мәселелерді Колледж әкішілігі        өзіне берілген құқықтар шегінде, ал ҚР — ның қолданыстағы заңдарында          немесе Ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген жағдайда- Колледждің                    Студенттік парламентімен келісе отырып немесе бірігіп шешеді;

2. Студенттердің негізгі құқықтары

 

   

    ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім        алуға;

    Білім беру гранты бойынша және келісім шарт негізінде білім алуға;

    Орнатылған көлемде степендия алуға(мемлекеттік таптырыс бойынша            білім алатын тұлғаларға арналған);

    Колледждегі кітапхана, ақпараттық қорларды, оқу, емдік және басқа да            бөлімшелер қызметтерін тегін пайдалануға;

    Барлық мәдени жобалар түрлеріне, ғылыми — зерттеу жұмыстарына,                  конференцияға, мәжілістерге, өз жетістіктерін публикалауға, пәндік                    үйірмелерге қатысу мүмкіндігіне ие; 

    Оқытылатын пәндер бойынша оқытушылардан кеңес алуға, оқытудың              сапасы мен әдістері туралы ойын жеткізуге, оларды жетілдіру жөніндегі            ұсыныстар білдіруге;

    Колледждегі студенттік өзін — өзі басқару органында сайлауға және                    сайлануға;

3. Студенттердің негізгі міндеттері

   

     ҚР — ның «Білім туралы » заңында бекітілген міндеттерді орындауға;

     Колледж Жарғысын, студенттер қызметтерінің ішкі тәртіп ережелерін             ұстануға, педагогикалық Кеңес шешімін, басшының, басшы                                орынбасарының оқу, мәдени, ғылым процестерін түзейтін, олардың                ұйымдастарылуы мен өткізілуіне қатысты бұйрықтар мен өкімдерді                орындауға;

    Студенттер таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен                        практикалық дағдыларды меңгеріп, барлық барлық тапырмалар  мен            емтихан — сынақтарды оқу жоспарына сәйкес белгіленген мерзімде                тапсыруы тиіс;

    Мемлекеттік білім беру стандарттарына сай сабақтарға қатысып, оқу              бағдарламасындағы барлық тапсырмаларды уақытында орындап,                  академиялық қарыздарды жоюы тиіс;

    Колледж оқу корпусында жүрген кезде өзін лайықты ұстауға, басқа                студенттердің өз міндеттерін орындауға зиян келтіретін істерден алшақ          болуға, жалпы адамгершілік және этикалық нормаларды ұстануға;

 

      Қоқан — лоқы көрсетіп, құқық бұзып, төбелескені үшін студент                            Колледждің студенттер қатарынан шығарылады;

      Ер балалар қысқа қиылған шашпен және таза қырылған болуы керек,            ал қыз балалардың шаштары ұқыпты жиналып жүруі керек;

      Студенттердің Колледжге кірулері арнайы картаны пайдалану арқылы            турникет бойынша жүзеге асырылады;

      Ауырған немесе сабаққа келмеген жағдайда топ старостасына, топ                  жетекшісіне немесе білім меңгерушісіне хабарлау. Себепсіз қалған                  жағдайда ескертілмесе, себепсіз деп есептеледі. Ауырған кезде                        медициналық анықтама тапсыру қажет;

      Сабақ барысында оқытушыны және білім алушылардың жауаптарын              мұқият тыңдап, сөйлеспеу, басқа істермен айналыспау. Аудиториядан            кіріп — шығу тек оқытушының рұқсатымен жүзеге асырылады;

4. Колледж ғимаратында жасауға тиым салынады

        Қатты сөйлеуге, шулауға, музыка тыңдауға, дөрекі сөйлеуге, сабақ                      барысында колледж дәлізінде жүруге;

       Дене жарақаттарын келтіруге, бір —  біріне жаман қатынас құрып бірін —              бірі  балағаттауға, басқалардың мүлкін ұрлауға, басқаларды және                        Колледж  мүліктерін әдейі бұзып, бұзақы қылықтар көрсетуге;

        Мекемеде, аймақта, аулада, оқу корпусының  кіре берісінде темекі                      шегуге,  түкіруге, шашуға;

       Қоғамдық тәртіппен регламентті бұза отырып саяси және рухани                         сипаттағы іс — шараларды өткізуге, ҚР- ның заңнамасына қайшы                         тіркелмеген ұйымдардың атрибутикаларын пайдалануға және ойларын           насихаттауға;

       Оқу кабинеттеріне сырт киіммен кіруге болмайды;

       Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз Колледждің түрлі құралдары мен               басқа да бұйымдарын шығаруға;

       Спирт сусындарын, уландыратын немесе есірткілік мастандыратын                   құралдарды пайдалануға;

      Сабақ барысын бұзуға, аудиторияға оқытушының рұқсатынсыз кіріп                  шығуға;

      Студент өзінің академиялық шыншылдығын түсірмей ұстау керек;

5. Оқу тәртібін бұзғаны үшін қойылатын жауапкершілік

 

 

 

 

       Колледж Жарғысында, Ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген оқу                         жоспарын орындамағаны, бұзғаны үшін төмендегі тәртіп ықпалынсыз             келесі шара қолданады;

       1) колледжден шығару;

       Студенттерге төмендегі жағдайлар кезінде тәртіптік шаралар                               қолданылады:

        a)осы ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген міндеттерді бір рет немесе              жүйелі орындамаған кезде;

        б)оқу орнын тағайындаусыз пайдаланғаны үшін;

        в)оқу орнына зиян келтіргені үшін;

        г)студенттер ешбір себепсіз сабақтарға қатыспағаны үшін: 54 сағат                    қалдырғаны үшін — колледждің білім алушылар қатарынан                                   шығарылады;

        д)ҚР заңнамаларында көрсетілген басқа да жағдайларда;

        е)есірткі заттарды сақтаған, таратқан жағдайда;

       Тәртіп шараларын қолдану колледж басшысының бұйрығымен                           рәсімделеді;