Тәрбие бөлімі | Yessenov College
Yessenov College

Тәрбие бөлімі

Студенттердің көшбасшылық, шығармашылық және қоғамдық қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі тәрбие жұмысы.

01 БағытКөшбасшылық және өзін-өзі басқару
02 ҚоғамЕріктілік және әлеуметтік жауапкершілік
03 ДамуШығармашылық, пікірсайыс және спорт
Тәрбие жұмысы

Белсенді студенттік орта

Колледжде білім алушылардың сапалы білім алуымен қатар, шығармашылық, көшбасшылық және қоғамдық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Студенттік бастамалар мәдени, танымдық, еріктілік және спорттық жобалар арқылы қолдау табады.

602026–2027 оқу жылындағы студенттік парламент мүшесі
4тұрақты жұмыс істейтін негізгі студенттік клуб
15әр клубтағы белсенді студент саны
3құжатта қамтылған оқу жылы
Негізгі бағыттар

Тұлғалық дамуға арналған орта

Тәрбие бөлімі студенттердің колледж өміріне белсенді араласуын, азаматтық жауапкершілігін және кәсіби ортада еркін әрекет ету дағдыларын қалыптастырады.

01

Студенттік өзін-өзі басқару

Студенттік парламент колледж жастарының ұсыныстарын біріктіреді, іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады және көшбасшылық тәжірибе қалыптастырады.

02

Еріктілік

Қайырымдылық бастамалары мен әлеуметтік жобалар арқылы жауапкершілік пен өзара қолдау құндылықтары дамытылады.

03

Пікірсайыс

Дебат клубы сыни ойлау, дәлелдеу, көпшілік алдында сөйлеу және командалық жұмыс дағдыларын дамытады.

04

Шығармашылық

«Шабыт» клубы мен мәдени іс-шаралар студенттердің өнерге қызығушылығын және сахналық қабілетін қолдайды.

05

Экология

«Eco Life» клубы экологиялық мәдениетті нығайтып, қоршаған ортаға жауапты қатынас қалыптастырады.

2026–2027 оқу жылы

Тәрбие бөлімі командасы

Студенттік жобаларды жоспарлау, клубтар қызметін үйлестіру және колледждегі тәрбие жұмысын жүргізетін жауапты мамандар.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар міндетін атқарушы

Таңатбекова Гульнафис

Колледждің тәрбие бағытын үйлестіреді және студенттік бастамалардың іске асуына қолдау көрсетеді.

Педагог-ұйымдастырушы

Бердәулетова Еңлік

Мәдени, танымдық және шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарына жауап береді.

Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі

Жолды Айсана Арманбекқызы

Студенттік парламент пен жастар клубтарының қызметін үйлестіреді.

Үш оқу жылы

Жұмыс нәтижелерінің хронологиясы

Студенттік ұйымдардың дамуы, жауапты мамандар құрамы және әр оқу жылындағы негізгі нәтижелер.

2024–2025

Алғашқы жүйелі нәтижелер

Педагог-ұйымдастырушы – Таңатбекова Гульнафис, КДМ жетекшісі – Жолды Айсана Арманбекқызы.

Студенттік парламентке 56 студент, волонтерлік және дебат клубтарының әрқайсысына 15 студент қабылданды. «Студенттік күз – 2024» фестивалінде II орын және «Жеңіс рухы» байқауында I орын иеленді.

2025–2026

Клубтар желісінің кеңеюі

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар – Жолдасова Назира Женисовна, КДМ жетекшісі – Тұрназарова Ақтілек, педагог-ұйымдастырушы – Таңатбекова Гульнафис.

Парламент құрамына 45 студент қабылданып, дебат, «Жүрек жылуы», «Eco Life» және «Шабыт» клубтары тұрақты жұмыс жүргізді.

2026–2027

Белсенділік пен сабақтастық

Студенттік парламент құрамы 60 студентке жетті. Төрт клубтың әрқайсысына 15 студенттен жинақталды.

Колледж дебатшылары «Zhas Cup Debate – 2» және «Sanaly Student» турнирлеріне қатысты. Киберспорт сайысы мен футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылып, колледж командасы 10:0 есебімен жеңіске жетті.

Студенттік бірлестіктер

Клубтар мен парламент

Әр бағыт студенттердің қызығушылығын нақты іске айналдырып, жаңа тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.

01

Студенттік парламент

Өзін-өзі басқару, жастар бастамалары және колледж өмірін ұйымдастыру.

02

Дебат клубы

Пікірсайыс мәдениеті, дәлелді ойлау және шешендік шеберлік.

03

«Жүрек жылуы»

Еріктілік, қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік жобалары.

04

«Eco Life»

Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау бастамалары.

05

«Шабыт»

Шығармашылық, мәдени қойылымдар және студенттік өнер.

06

Спорттық бағыт

Футбол, киберспорт және салауатты өмір салтын қолдау.

Жетістіктер

Колледж абыройын танытқан жастар

Студенттердің облыстық, қалалық және колледжішілік жобалардағы белсенділігі нақты нәтижелермен көрінеді.

Облыстық деңгей

«Студенттік күз – 2024» фестивалінде II орын

Колледж білім алушыларынан құралған КДМ жастары жүлделі орын иеленіп, 100 000 теңгелік ақшалай сыйақы сертификатымен марапатталды.

01

«Жеңіс рухы» – I орын

Театрландырылған қойылымдар байқауындағы облыстық жеңіс.

02

Sanaly Urpaq

Шамшедин Әбіш студенттік клубтардың облыстық слетіне қатысып, Алғыс хат алды.

03

Пікірсайыс турнирлері

«Zhas Cup Debate – 2» және «Sanaly Student» турнирлеріндегі белсенді қатысу.

Студенттік өмірге қосылыңыз

Клубтарға қатысу және студенттік парламент жұмысы туралы ақпаратты тәрбие бөлімінен алуға болады.

Байланысу
💬