Білім мазмұнын жаңаша ізгілендіру, педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
Білім деңгейі жоғары, ой – өрісі икемді, кәсіби оңтайлылығы, жеке және кәсіби шеберлігі бар, өзінің жеке стратегиясын құра алатын, яғни бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға жағдай жасау арқылы білім беру үрдісінің тиімділігін, оның сапасын арттыру.
Нормативтік құқықтық құжаттарды, білім беруді бсқару органдарының ұсынымдарын, оқу-бағдарламалық құжаттарды жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу;
Жаңа оқу бағдарламалардың зерделеуін ұйымдастыру және оларды оқу үдерісіне енгізу туралы ұсыныстар беру;
Педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, еңбек жолын жаңа бастаған педагогикалық қызметкерлеріне оқу сабақтарын өткізу, оқу-әдістемелік, ғылыми- әдістемелік материалдар әзірлеу және оқудан тыс іс-шаралар өткізу;
Сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау; ғылым және техника жетістіктерін, оқу-тәрбие жұмысындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені және оқытудың жаңа технологияларын зерттеу, іріктеу және практиға енгізу;
Мамандықтар мен біліктіліктер бойынша кәсіби шеберлік конкурстарын тақырыптық және ғылыми семинарлар, конференциялар және ғылыми-әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
Ынтымақтастық педагогикасы, өзін-өзі басқару жөніндегі жұмыстарды жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісін жақсаруына және еңбекті ұйымдастыру, өзара тексеру және өзара көмектің тиімді нысандарын кеңінен қолдануға білім алушыларды тарту.
Психология –педагогикалық диагностикалаудың жаңа тәсілдерін тәрбие жүзінде қолдану технологиясына және білім беру сапасын мониторингілеуге үйрету;
Оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдістемелерімен және оларды тәжірибе жүзіне енгізу жолдарымен танысу.
Электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында және ақпараттық желілерде ақпараттық қызметті жүзеге асыру
Жалпы білім беретін пәндер
Әлеуметтік — гуманитарлық пәндер
Арнайы пәндер
«Жас маман мектебі»
“Тілге құрмет – Елге құрмет”
5.09. колледжімізде 1 курс білім алушылары арасында Тілдер мерекесіне орай ашық микрофон ұйымдастырылды.
Әр студент ана тілін дәріптеп, өлең оқып, жүрекжарды тілектерімен бөлісті.
Бұл – тілге деген сүйіспеншіліктің, елге деген құрметтің айқын көрінісі.

08.09.2025 күні әдістемелік бөлімнің іс-шаралар жоспарына сәйкес, жас мамандар мен жаңадан келген оқытушыларға арналған «Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формалары» тақырыбында әдістемелік күн өткізілді. Әдістемелік көмек 3 түрлі бағытта көрсетілді:
1. College edu.kz жүйесімен электронды құжаттарымен дұрыс жұмыс жүргізу.
2. Ожб жасақтауына бағыт беру, әдістемелік көмек көрсету.
3. Оқытушылардың сабақ жоспарларын жасақтау жолдары.

Ш. Есенов атындағы Каспий Технологиялар және Инженеринг Университетіндегі Технопаркке Экскурсия
Бүгін ИС-25-2 және ИС-25-3 топтарының студенттері Ш.Есенов университетіндегі Технопаркке экскурсия жасады.
Бұл шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып, студенттердің жаңа технологиялар мен инновациялық жобаларға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Экскурсия барысында студенттер заманауи өндірістік жабдықтармен танысып, өз болашақ мамандықтарына қатысты тың мәліметтер алды.
Осындай шаралар студенттердің кәсіби бағдарын нығайтып, тәжірибесін кеңейтуге септігін тигізеді.

Маңғыстау облысы білім басқармасының “Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы” коммуналдық мемелекеттік мекемесінің 2025 жылғы 13 тамыздағы №1426 жеделхатына сәйкес, “Күзгі шақыру науқаны” бойынша 2025 жылдың 08 қыркүйегінде алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушыларының ұйымдастыруымен “Әскери дайындық- болашақ сарбаздың алғашқы қадамы” тақырыбында колледжде іс-шара өткізілді. Шараға ҚР ҚК арнайы операциялар күштері жасақ командирінің орынбасары және арнайы мақсаттағы жасақ офицерлері қатысып, ҚР аумақтағы тұтастығын қорғау үшін қолданылатын қару-жарақ үлгілерінің бір бөлігін көрсетті.
Іс-шараның мақсаты: Отанға деген патриоттық сезім қалыптастыру және болашақ азаматты Отан қорғаушы ретінде тәрбиелеу.

Бүгін колледж кітапханасында «Конституция – ел тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және Ата Заңымыздың 30 жылдығын дәріптеу

Колледжімізде 15–19 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз білім беру ұйымы!» апталығы аясында оқу және тәрбие бөлімдерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Апталықтың мақсаты – білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу, киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Оқу және тәрбие бөлімінің өкілдері әр топқа кіріп, қауіпсіздік ережелерін, киберқауіпсіздік мәдениетін, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын түсіндіріп, студенттердің құқықтық сауаттылығын нығайтуға бағытталған ақпарат берді.

Колледжімізде “Ақпараттық ортадағы қауіпсіздік” тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әр топтың кураторлары ата-аналар жиналыстарында және сынып сағаттарында студенттерге маңызды мәліметтер беріп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жиналыс өткізілді

2025 жылғы 23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКБ) қызметкерлері күніне арналған республикалық марафон өтеді.
Бұл онкүндік марафон еліміздің барлық өңірін қамтып, студенттерді, педагогтерді, ТжКБ ардагерлерін және жұмыс берушілерді біріктіреді. Бағдарлама аясында:
— республикалық челлендждер мен онлайн-инициативалар;
— мастер-класстар мен кәсіби бағдар іс-шаралары;
— шығармашылық және спорттық жобалар;
— әлеуметтік және экологиялық акциялар;
— салтанатты жиындар мен марапаттау рәсімдері ұйымдастырылады.
Марафонның басты мақсаты — ТжКБ жүйесінің ортақ миссиясы мен құндылықтарын нығайту, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және олардың ел экономикасы мен қоғамды дамытудағы маңызды рөлін көрсету.
Баршаңызды іс-шараларға қатысып, қатысушыларды қолдауға шақырамыз.

«Елдік Челлендж»
2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесімен “Есенов колледжі” ЖШС оқытушысы педагог-зерттеуші Ж.Смагулованың құттықтауы.

Ағымдағы жылдың 24-26 қыркүйек аралығында Ақтау қаласының көрме орталығында 11-ші орталық Азия мұнай-газ (CAOG 2025) және 3-ші орталық Азия мұнай-газ ынтымақтастық көрмесі өтуде. Көрмеге колледжіміздің Мұнай және газ кен орындарын пайдалану мамандығының білім алушылары саяхат жасап, мұнай-газ көрмесімен танысып келді.

Yessenov College ұжымы колледж музейінде қонақта.
Қонақтар жарты ғасырлық тарихпен, білім ордасын басқарған басшылар жайлы мәліметтермен және құнды жәдігерлермен танысты.
Музей – колледждің өткені мен бүгіні тоғысқан, жетістіктерімізді айқындайтын рухани қазына.

26.09.2025 жылы «Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі» МКҚК мен «Есенов Колледжі» ЖШС арасында кәсіби-әлеуметтік әріптестік орнату мақсатында «Серіктестік пен ықпалдастық – жарқын келешектің негізі» атты меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Меморандумның негізгі мақсаты – қазіргі мүмкіндіктер аясында оқу, тәрбие және ғылыми-зерттеу бағыттарында жаңа технологиялар мен озық тәжірибені біріктіре отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.
Іс-шара барысында Есенов колледжінен келген қонақтарға Нұрлыхан Бекбосынов атындағы мұражай, оқу ғимараты, интерактивті видеостудия және оқу-өндірістік кешеннің материалдық-техникалық базасы таныстырылды.
Кездесу аясында оқу орны серіктестік шеңберінде жүзеге асырылатын жаңа жобалар мен бастамаларды талқылады, соңында білім беру ұйымдары өкілдері арасында ашық сұхбат пен пікір алмасу өтті.

КҮЗГІ ЖӘРМЕҢКЕ
Біздің колледжімізде Қарттар күніне орай білім алушыларымыздың қайырымдылық жәрмеңкесіне ат салысты. Жәрмеңкеден түскен қаражат қарттарға арналып, оларға қолдау мен қуаныш сыйлауға жұмсалмақ.
Бұл игі іс- үлкендерге деген құрметіміздің көрінісі

«2 қазан — Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесін атап өту тұжырымдамасына орай «Бір шебер – жүз бейне» атты колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Н.М.Ниязбаеваның оқу барысындағы және одан тыс кезіндегі сәттерінен тәжірибе жұмысы.

“ТжКБ жүрегі” атты флешмобы барысында барлық білім алушылар үлкен жүрек пішінінде сапқа тұрып, ТжКБ жүйесіне деген ортақ сүйіспеншілікті бейнеледі. Флешмоб- кәсіби білім берудің қоғамдағы орнын айшықтап, білім алушылар мен оқытушылар арасындағы бірлік пен ортақ мақсатқа деген сенімді нығайтады

«2 қазан — Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесін атап өту тұжырымдамасына орай «Шеберлік құпиялары» атты колледжіміздің арнайы пән оқытушылары өткізген Нурадинов Ж., Құдабаева А., Мусина А. және Бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының 3 курс білім алушысы Олжасұлы А. Ақтау қаласы 19 мектеп-гимназиясының оқушыларына кәсіби бағдар беруге бағытталған жобасы аясында өткізген жасанды интеллекетті таныстыру жұмыстары туралы бейне үзінді ұсынамыз.

“2-қазан — Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні” кәсіби мерекесін атап өту тұжырымдамасына орай колледжіміздің бастауыш білім беру және оқыту мамандығының 4ші курс студенттері Бердібай Сымбат пен Дүйсенбаева Жансая студенттерге жасанды интеллекті тиімді қолдану бойынша “Шеберлік құпиялары” атты сабақ өтті. Сабақ барысында, қысқа мерзімді жоспар жасау үшін GIMINI және тапсырмалар дайындауға арналған TWEE платформасымен таныстырды.

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ
Қыркүйек айының жоспары бойынша Отбасы күніне орай “Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары” орталығы медициналық мекемесінің маманы Джумабекова Д.Х және “Психологиялық қолдау” орталығының басшысы Абиева А.А 1 курс білім алушы қыздар кеңесі “Отбасы- қыз баланың болашағы” атты тақырыбында семинар- тренинг өткізілді.

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
25.09.2025 жылы колледж студенттерімен Ақтау қаласы ПБ ЖПК6 ЮПб КТІЖ учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты
С.Хожамуратов және полиция лейтенанты А. Абдиуалиев кәмелетке толмағандар арасында кездесетін буллинг, кибербуллинг, зорлық зомбылыктың алдын алу түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кәмелетке толмағандар арасында кездесетін буллингтің не екенін және оның қандай түрлері бар екенін, айырмашылықтарын түсіндірді.
— Буллинг, кибербуллинг туралы ақпаратты кеңейту.
— Құқықбұзушылықтың алдын алу.
— Буллингке ұшыраган жағдайда оны жасырмай ата-анасына, кураторына, колледж психологына
және полиция кызметкерлеріне
хабарлауларын айтып түсіндірді.
Сонымен қатар, сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз көшеде, қоғамдық орындарда (кафе, бар, ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар) жүруіне тыйым салынғанын ескертеміз!

“Ұстазға алғыс”
“Ұстазға алғыс” апталығы аясында колледжімізде “Ұстаз – ұлы тұлға” атты мерекелік шара өткізілді.
Бұл кештің мақсаты – ұстаздар қауымына құрмет көрсетіп, білім мен тәрбиенің қадірін дәріптеу
Шара барысында студенттер өз өнерлерін паш етіп, ұстаздарға жүрекжарды алғыстарын білдірді
Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, болашаққа жол сілтер шамшырақ, асыл тұлға екенін тағы да айқындадық.
Барлық ұстаздарымызға қажырлы еңбектері мен шәкірт жүрегінен орын алар мейірімдері үшін алғыс айтамыз!

1 қазан — Қарттар күніне орай колледжімізде “Қарттарым – асыл қазынам” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға ИС-25-3, П-25-2, П-25-3 топтары белсене қатысты.
Мақсаты: Қарияларға құрмет көрсету, үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу;
Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дәріптеу;
Ұрпақтар сабақтастығын сақтау және жас ұрпаққа үлгі ету.
Шара барысында студенттер ата-әжелерге деген ыстық ықыластарын өлең-жыр, ән-күйлерін арнады.
Қадірлі қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

«Есірткісіз Маңғыстау»
«Есірткісіз Маңғыстау» жобасы аясында
Облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Г.А. Бержанованың қатысуымен «Есірткі және психотроптық заттарды қолданудың алдын алу» тақырыбында
1 курс білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында студенттерді мазалаған көкейдегі сұрақтарына жауап алып, есірткі мен психотроптық заттардың адам денсаулығына, психикасына және өміріне тигізетін кері әсері жайлы кеңінен мағлұмат алды.
Шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Қыздар кеңесі: “Ерте жүктілік” тақырыбында кездесу өтті
Бүгін колледжде 1-курс білім алушыларына арналған “Ерте жүктілік” тақырыбында қыздар кеңесі ұйымдастырылды.
“РеаМед” медициналық орталығының гинеколог маманы Нугманова Қабира Сәкенқызы жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу, оның физикалық және психологиялық зардаптары жөнінде мазмұнды лекция оқыды.
Колледж психологы Р. Д. Искалиева қыз балалармен ашық сұхбат жүргізіп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесудің мақсаты — білім алушыларға ерте жүктіліктің салдары туралы түсінік беру және өз болашағына саналы көзқарас қалыптастыру болды.

«TurkicSkills-2025»: В Мангистау прошел международный семинар по технологиям дронов
В рамках I Международного чемпионата профессионального мастерства «TurkicSkills-2025» в Мангистау, на базе Мангистауского энергетического колледжа имени Н.Бекбосынова, прошел теоретический этап семинара «Технологии дронов: новые возможности для профессий будущего», сообщает Центр общественных коммуникаций.
Цель семинара – внедрение технологий дронов в образовательный процесс для развития современных инженерных и цифровых компетенций студентов, а также создание условий для освоения новых, востребованных на рынке труда профессий. Семинар был организован Управлением образования Мангистауской области и Центром международного образования и инноваций.
В течение двух дней в семинаре принимали участие около 50 представителей колледжей – заместители директоров, преподаватели специальных дисциплин и мастера производственного обучения из Мангистау, а также из Атырауской, Актюбинской, Туркестанской, Жамбылской и Западно-Казахстанской областей.
В теоретической части семинара участники ознакомились со строением дрона, пультом управления, процессами взлета и посадки, а также с мерами безопасности полета.
Во время практического этапа прошли занятия по аэродинамике, ориентации в пространстве, полетам по прямой и по матрице. Участники получили базовые навыки работы с дронами и обменялись опытом с профессором Хуан Хао из Сучжоуского политехнического университета.

Адалдық — қоғамның айнасы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Какауова Гүлден Лесқызы колледж студенттерімен маңызды кездесу өткізіп, әділдік пен жауапкершілік құндылықтары жайлы ой бөлісті.

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДА
Қазан айында Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының гимні түсірілді.
Бұл жоба – еңбек адамының мәртебесін көтеру мен кәсіби білімнің маңызын насихаттауға бағытталған.

Колледжіміздің бітіруші түлектері 34 ш/а Достық үйінде Бос орындар жәрмеңкесімен танысып, пікір алмасып келді.

Абайдың 180 жылдығына арналады!
Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы, халыққа жол нұсқаған ағартушысы. Оның шығармалары – терең ойдың, асқақ сезімнің, әділет пен адамгершіліктің айнасы. Сондықтан ақынның 180 жылдық мерейтойы – өткенімізді дәріптеп, болашаққа жол көрсететін ұлы рухани мереке.
Биылғы Жұмысшы мамандықтар жылымен тұспа-тұс келген ұлы тұлғаның мерейтойына орай Есенов колледжі студенттері челленджге қатысып, ақынның «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқыды.
- Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан, — деп жаңа өмірдің іргесіне бірінші тас болып қаланудағы адамдық жолын нұсқайды, игілікті міндет жүктейді. Адамның өмірлік мақсаты мен кісілік ізгі қасиеттерін айқындап, қоғамдағы орнын табуға, пайдалы іске ұмтылуға шақырады.

«ЖРВИ және тұмаудың алдын алу» тақырыбында танымдық тренинг өтті
Іс-шараға инфекционист дәрігер Тулеева Агия Мекешова қатысып, студенттерге маусымдық аурулардың алдын алу, иммунитетті күшейту және жеке гигиенаны сақтау жөнінде пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Студенттер дәрігермен ашық сұхбат жүргізіп, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Тренингтің басты мақсаты — жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

25 қазан – Республика күніне орай
Бүгін біздің оқу орнымызда аталмыш мерекеге арналған волейбол турнирі өтті! 🇰🇿
Спорттық шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бірлік пен командалық рухты арттыру болды
Турнир барысында қатысушылар тамаша ойын көрсетіп, үздік ойыншылар анықталды.
І орын- АиУ-25/2 тобы
ІІ орын- АиУ-25/1 тобы
ІІІ орын- ЭЭ-25 тобы
ІІІ орын- А-25 топ
Барлық қатысушыларды белсенділігімен және жігерімен құттықтаймыз!
Бірлігіміз жарасып, еліміздің спорттық жетістігі арта берсін!

«Әдеп. Әріптестік. Сабақтастық»
Бүгін колледжімізде жас мамандарға арналған әдістемелік күн өткізілді. Колледждің әдістемелік бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылған шарада «Жас маман» мектебінің оқу жылындағы жоспары, мақсат-міндеттері таныстырылды. Жас мамандарға педагогикалық әдеп, оқытушы этикасы, сыртқы бейнесі туралы айтылып, «Жарқын болашақ иесі – жас маман» атты тренингке жалғасты. Тренинг барысында жас мамандар педагогикалық имиджін жаңа көзқараспен тануға, өз кәсіби рөлін айқындауға психологиялық жаттығулар мен пікірталастар арқылы қол жеткізді. Бұл шара ұжым ішінде жылы атмосфера мен сенімді қарым-қатынас орнатуға, жас мамандарға әдістемелік және психологиялық көмек беруге бағытталды.
Шараны колледждің әдістемелік бөлімінің аға әдіскері Утегенова Р.С., әдіскер Спангалиева М.Ж., «Жас маман» мектебінің жетекшісі Боранқұлова Г.С., педагог-зерттеуші Жумагалиева Р.С., колледж психологі Искалиева Р.Д. ұйымдастырды.

«Менің Қазақстаным» челленджін Есенов колледжінің студенттері қабылдап, жүректен шыққан құттықтау видеомызды ұсынамыз!
Тәуелсіз еліміздің туы асқақтай берсін. Бірлігіміз баянды, болашағымыз нұрлы болсын!

Есенов колледжінің 1 курс білім алушылары арасында
«Бір шаңырақ астында – бір болашақпен» атты тақырыбында эссе байқауына қатыса отырып, туған елге деген патриоттық сезімдерін әсерлі сөзбен жеткізді.
Әрбір жазылған ойда бірлікке деген сенім, ел болашағына деген жауапкершілік жатыр. Біз бір шаңырақ астында өмір сүріп, бір болашаққа бірге қадам басамыз.
Бұл байқаудың жүлдегерлері:
І орын- Нұрабылла Ұлдана А-25
ІІ орын- Жексенбай Камила Ис-25-3
ІІІ орын- Қармыс Қарақат Ис-25-1
Ынталандыру сыйлығымен Жаңбырбай Шапағат АИУ-25-2
Шамшедин Әбіш Ис-25-1 марапатталды.

Республика күні мерекесіне орай Yessenov University президенті Б.Б.Ахметовтың колледж қызметкерлерін марапаттау сәті.
Туракова Гайша Алпамысовна — Құрмет грамотасы
Жумагалиева Раушан Сауирбаевна — Алғыс
Сатканов Саламат — Алғыс

ШОҚАН ІЗІМЕН
Биыл ұлы ғалым, ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл. Осы мерейтойға орай колледж кітапханасында “Шоқан ізімен” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – Шоқанның ғылымға қосқан мол үлесін танытып, жас ұрпаққа өнеге ету.
Көрмеде:
— Шоқанның өмірі мен шығармашылығын таныстыратын кітаптар
— Ғалым жайлы жазылған зерттеулер
— Фотосуреттер мен деректі материалдар
орын алды.
Шоқан Уәлихановтың мәңгілік мұрасы – халқымен бірге жасай береді!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” жобасы аясында колледжімізге арнайы мамандар келіп, 1 курс білім алушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында:
🛡 Сыбайлас жемқорлықтың зияны
📌 Адалдық пен әділдік құндылықтары
⚖ Құқықтық сауаттылықты арттыру
🗣 Азаматтық ұстаным қалыптастыру
тақырыптары кеңінен түсіндірілді.
Шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастырып, әрбір жас азаматтың санасында әділдік пен адалдықтың маңызын арттыру.
Жастар — еліміздің ертеңі!.

Бүгін колледжде «Еңбек адамын ұлықтайық» тақырыбында шеберлік көрмесі өтті. Шара барысында құрылыс мамандығының арнайы пән оқытушылары студенттермен бірге тәжірибелік шебер-сыныптар көрсетті.
Іс-шараның мақсаты:
• Жұмысшы мамандардың еңбегін насихаттау, жастарды кәсіпке баулу;
• Таңдаған мамандыққа деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті арттыру;
• Қол еңбегінің, адал кәсіптің қадірін ұғындыру;
• Қатысушыларды шығармашылыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Шебер-сынып барысында қатысушылар еңбек иелерінің қолынан шыққан туындылардың қалай жасалатынын өз көзімен көрді. Құрылыс мамандығы бойынша оқытушылар тас қалау, гипстен мүсіндеу, түсқағаз жапсыру, майлау және безендіру жұмыстары бойынша шеберліктерімен бөлісіп, студенттермен бірге орындады.

29.10.2025 күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Б. Нұрмұханова ИС-25-1 тобында А.П. Чеховтың “Толстый и тонкий” тақырыбында жас мамандарға демострациялық сабақ өткізді. Бұл тақырыпта “Толстый и тонкий” мінез-құлқын талқылауда студенттер белсенділік танытып, адамдық қадір-қасиет, дәрежеге құрмет, екіжүзділік туралы өз пікірлерін білдіріп, қорытынды жасады. Білім алушылар қазіргі заманмен салыстыра отырып, бұл тақырыпты өзекті етті. Жас мамандар үшін бұл сабақ тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар студенттерді кері байланысқа, салыстыруға және мәтінмен байланыстыруға үйретудің маңыздылығының жақсы үлгісі болды. Сенімділік, сабақтың нақты құрылымы, студенттердің белсенділігі және нәтижелі талқылауды жеңілдету қабілеті – әрбір жас мамандардың бойында дамытатын қасиеттер. Сабақ жанды және нәтижелі өтті.

29.10.2025күні колледжімізде 2025 — 2026 оқу жылында бітіруші топтарға басшының оқу — ісі жөніндегі орынбасары Ф. Надирова, әдіскерлердің қатысуымен арнайы пән оқытушыларымен бірге бітіруші мамандықтардың мемлекеттік емтиханға және дипломдық жұмысқа жіберілетіні туралы әдістемелік күн өткізілді. №125 бұйрықтың негізінде қорытынды аттестау бойынша түсіндірме жұмыстары айтылды. Дипломдық жұмыстардың тақырыптары білім беру бағдарламасына және маман дайындаудың салаларына сәйкес болу керетігі ескертілді.

Психологиялық денсаулық – басты назарда!
Қазанның 15–22 аралығында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жұмысы аясында колледж психологы Искалиева Р.Д. 1 курс білім алушыларымен профилактикалық кездесу өткізіп, DASS-21 сауалнамасын жүргізді.
Сауалнаманың мақсаты:
— білім алушылардың психоэмоционалдық жағдайын анықтау
— алаңдаушылық, стресс деңгейін бағалау
— аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу
Бұл жұмыс — жастардың көңіл-күйін қадағалап, психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған маңызды шара.

Қараша айының 4-7 аралығында арнайы пән оқытушысы Жумабаева Л.К. және өндіріс шебері Ниязбаева Н.М. Алматы қаласы KNAUF мекемесінен тағылымдамадан өтуде.

Колледжімізде Студенттік президент сайлауы өтуде!
Бұл — белсенді, жауапты, көшбасшы жастардың өз қабілеттерін танытатын ерекше мүмкіндік.
Назарларыңызда президенттікке үміткер 5 студенттің бейне-таныстырылымы!
Өз таңдауыңды жаса!

Құқықтық мәдениет – адал қоғамның кепілі!
Бүгін колледждің білім беруші қызметкерлері үшін
«Құқықтық мәдениетті арттыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Кездесу барысында арнайы мамандар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын ұстану және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.
Мақсат — қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру.

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмысы өткізілді.
Колледж студенттерімен құқықтық мәдениетті арттыру, жауапкершілік пен тәртіптің маңызын түсіндіру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында:
• құқықбұзушылықтың түрлері мен оның салдары;
• кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен міндеттері;
• құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға бағытталды.

13.11.2025 күні “EI Umiti қоры” корпоративтік қорының ұйымдастырумен республикалық “Мен өзгерткен әлем” тақырыбында комикс байқауының колледжшілік кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: комикс авторларының шығармашылық қабілетін дамыту, тәуелсіздік, бірлік және әрбір адамның елдің болашағына қосатын үлесін дәріптеуге бағытталған.
Байқауға қатысқан білім алушыларға басшылықтан диплом мен сертификаттар табысталды. Жүлделі орын алған студенттердің жұмыстары республикалық кезеңге жолдама алды.

Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 18-35 жас аралығындағы жас мамандардың арасында QUIZ ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты — техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жас мамандары арасында кәсіби шеберлікті, зияткерлікті қабілеттерін дамыту, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру. QUIZ ойынына Есенов колледжінің жас мамандары қатысып “Еңбек мақтанышы” номинациясымен марапатталды.

Арнайы пән оқытушылары Рабай Әмина және Құдабаева Айжұлдыз қараша айының 12-14 аралығында “Қаражанбасмұнай” АҚ кен орнында ЦППН, ЦИТС, ГЗУ-37, Цех ЦАП, метрология және IT бөлімдерін аралап, технологиялық процестердің автоматтандырылуы, КИПиА құралдарының жұмысы, метрологиялық қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялар инфрақұрылымы және диспетчерлік басқару жүйелерімен, нақты өндірістегі автоматтандыру жүйесінің құрылымы, химиялық технология өндірісі жабдықтарының жұмыс принципімен танысу тағылымдамасынан өтті.

17-21 қараша аралығында Есенов колледжінде «Жалпы білім беру пәндері – барлық мамандықтар негізі» атты апталық өтуде. Апталықтың жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, педагог-сарапшы Боранқұлова Г.С. оқытушыларға арнап, шебер-сынып өткізді. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атауымен өткізілген шебер-сыныптың мақсаты – ақынның адамгершілікке, еңбекке, білімге үндейтін тағылымдарын жаңаша форматта жеткізу, қарасөздің рухани-танымдық мәнін ашу болды. Білім мен ғылымның адам өміріндегі маңызын тереңірек түсіндіруге арналған қарасөзді оқытушылар өмірмен байланыстыра отырып, қаншама жыл бұрын жазылған ақын ойларының әлі күнге дейін өзекті екендігіне тағы да көз жеткізді. Интерактивті әдістер, жұптық, топтық жұмыс түрлері арқылы тың идеялар ұсынылып, Абай мұрасының бүгінгі күнмен байланысы көрсетілді. Іс-шара қатысушылардың ой-өрісін кеңейтіп, Абай даналығын терең түсінуге мүмкіндік берді.

Үстіміздегі жылдың 17.11.-21.11.2025ж. аралығында колледждің жалпы білім беретін пәндерінің апталығын өткізу жоспарланған болатын. Соған байланысты 17 қараша күні “Жалпы білім беру пәндері — барлық мамандықтар негізі” атты жалпы білім беретін пәндік-циклдік комиссиясы апталығының ашылу салтанаты болып өтті. Апталықтың мақсаты: оқыту мен тәрбие берудің заманауи әдіс-тәсілдерін білім беру үрдісінде ұтымды қолдана отырып, білім алушылардың ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін арттыруда , қызығушылықтары мен ұлттық құндылық қағидаттарын қалыптастыруда оқытушылардың шеберліктерін таныту, тәжірибе алмасу, үздіксіз ізденіс пен өзара үйренудің нәтижесіне қол жеткізу.
Биыл оқу жылында көш бастаған жалпы білім беретін пәндер апталығының алғашқы хабарламасы жасанды интеллект мүмкіндігін пайдалана отырып жасалынды.
Апталықта өткізілетін іс-шаралар жөнінде пәндік-циклдік комиссиясының төрайымы Жумагалиева Р.С. таныстырып өтті. Апталықтың І бөлімінде ашылу салтанатымен орай, студенттер күнімен тұспа-тұс келген апталықтың бір шарасы «Көңілді үзіліске» ұласты. Мұнда жалпы білім беретін пәндер бойынша білімдерін сынасты, тапқырлық пен шапшаңдық, белсенділік пен алғырлық, сондай-ақ, қызығушылық танытқан колледж білім алушыларына сыйлықтар ұсынылды.
Апталық жоспарының ІІ бөлімі «Тәжірибе – ең сенімді ұстаз, ал бөлісу – оның шәкірті» айдарында ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар, шебер-сынып, тәжірибелік сағаттар, сондай-ақ, 1-2 курс білім алушыларының арасында колледжішілік пәндік олимпиада да ұйымдастырылып отыр.
Колледж басшысы Серикбаев К.А., аға әдіскер Утегенова Р.С. сөз сөйлеп, апталық жұмысына, сондай-ақ, тың жаңалықтарымен таң қалдыратын іс-шараларға сәттілік тіледі.

«Жалпы білім беру пәндері–барлық мамандықтар негізі» атты колледжішілік жалпы білім беретін пәндік–циклдік комиссиясы апталығын аясында 18 қараша күні Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша ДО 23С\О, ДО 22, ДО 23 топтарының қатысуымен «Тәрбиеші бейнесі: бүгінгі студент-ертеңгі маман» сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: Білім алушылардың болашақ тәрбиеші мамандығының кәсіби, адамгершілік және педагогикалық құндылықтарын түсіндіру, студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру, жауапкершілігін қалыптастыру және кәсіби бейнесін дамыту.
Сайыс барысы:
1. «Мамандық – менің мақтанышым».
2. «Комикс кітапша» кезеңі.
3. Kahoot интерактивті платформасындағы тест тапсырмалары.
4. «Шебер қолдар»
5. «Тәрбиеші бейнесі» деп аталатын метафоралық жұмыс
Білім алушылар аталмыш сайысқа белсенді қатысып,өз білімдерін шыңдады.

18 ноября, среди студентов 1 курса, преподаватели Нурмуханова А.Б., Сартаева Н. провели литературный вечер «Вся жизнь – один чудесный миг», посвящённый творчеству двух великих поэтов русской литературы — А. С. Пушкина и М. Ю. Лермонтова. Мероприятие объединило студентов, преподавателей и гостей в атмосферу живой поэзии, искреннего чувства и глубоких размышлений о человеческой судьбе, красоте слова и духовном наследии отечественной культуры. Литературный вечер направлен на формирование речевой деятельности (слушания и говорения), развитие творческих и литературных способностей студентов, а также на воспитание любви к поэтическому слову и книге. Участники мероприятия прикоснулись к внутреннему миру авторов, почувствовали многогранность их образов и переживаний, осмыслили вечные темы любви, свободы, чести и человеческой души. Литературный вечер «Вся жизнь – один чудесный миг» призван не только познакомить участников с художественным мастерством двух гениальных поэтов, но и вдохновить на личное творчество, пробудить желание читать, размышлять и открывать новые горизонты литературы.

Ai мен оқытушы: Ынтымақтастық уақыты
Бүгінгі өткізген тәжірибе сағатында жасанды интеллекттің білім беру саласына қосатын мүмкіндіктерін бірге зерттедік.
Мұғалімдерге арналған AI құралдары сабақ жоспарын жеңілдетіп қана қоймай, шығармашылық идеяларды жылдам жүзеге асыруға көмектесетінін дәл көрдік.
Gemini, ChatGPT, Eduaide.AI секілді платформалардың көмегімен:
– сабақ жоспарын құру,
– тапсырма дайындау,
– визуалды контент жасау,
– бағалау критерийлерін әзірлеу
тағы басқа көптеген процестер бірнеше минутта орындалатынына көз жетті.
Білім беру – адамның шеберлігі мен технологияның қуатын үйлестіру.
Ал бұл ынтымақтастық – педагогтің уақытын үнемдеп, күшін оқушыға бағыттауға мүмкіндік береді.
Болашақ мұғалімі – цифрлық құралдарды сенімді меңгерген, инновациялық ойлайтын маман.

«Жалпы білім беру пәндері–барлық мамандықтар негізі» атты колледжішілік жалпы білім беретін пәндік–циклдік комиссиясы апталығы аясында 19 қараша күні 1 курс білім алушылары арасында «Ғалам құпиясы» интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Сайыс аясында қатысушылар биология, география ғылымдарының қызықты бағыттарымен танысып, түрлі ғылыми-танымдық тапсырмаларды орындады. Шара білім алушыларды логикалық ойлауға, ғылыми деректермен жұмыс істеуге және шығармашылық тұрғыдан ой қорытуға баулиды.
Барлық қатысушыларға белсенділік пен шығармашылық үшін алғыс білдіреміз!

ЖББ пәндік-циклдік комиссиясы аясында “Ой мен ойын” интеллектуалдық сайысы өтті
Бүгінгі шарада қатысушылар білім мен жылдамдықты, логика мен ой ұшқырлығын сынға салды. Әр кезең қызықты тапсырмаларға толы болып, студенттер өздерінің жан-жақты қабілеттерін көрсете алды.
🔹 Командалар арасындағы тартысты дода
🔹 Шығармашылық ойлау мен жылдам шешім
🔹 Бірлік, белсенділік және жоғары энергия
Мұндай интелектуалдық сайыстар студенттердің білім көкжиегін кеңейтіп, командада жұмыс жасауға, уақытты тиімді пайдалануға үлкен септігін тигізеді.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Бітіруші топтармен кездесу өтті.
БӘД оқытушысының ұйымдастыруымен Есенов колледжінің бітіруші топтарымен Жоғарғы әскери оқу орынларына оқуға түсуге үгіт-насихат жүргізілді. Шараны өткізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің офицерлері шақыртылды.

Маңғыстау ст.Көліктегі полиция бөлімі және Маңғыстау көлік прокуроры қызметкерлері ішкі істер органдарының қызметі бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді.
🔹Шара барысында ішкі істер органдарындағы қызметтің маңызы мен ерекшелігі туралы түсіндіріп, полицей мамандығының қоғамдағы орнына тоқталды. Олар құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ қылмыспен күрестегі полицейдің рөлі жөнінде кеңінен баяндады.
🔹Студенттерге қызметке орналасу талаптары, қызмет өткеру тәртібі, кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндіктері, сондай-ақ әлеуметтік қолдау шаралары түсіндірілді.
🔹Кездесуде жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🔹Іс-шараның мақсаты — жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті
қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.

“Жалпы білім беретін пәндер — барлық мамандықтар негізі” атты ЖББП апталығы аясында 20 қараша күні физика және химия пәндері бойынша 1 курс студенттері арасында “Зияткерлер” интеллектуалдық сайысы өтті. Сайыстың мақсаты — білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білімдерін тереңдету, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, ой шапшаңдығына баулу. Қатысушылар сайыста “Физика-химия әлеміне саяхат”, “Жылдам ойла, тез жауап бер!”, “Сиқырлы ұяшықтар”, “Есепке кім жүйрік ?”, “Бәйге” деп аталатын 5 кезең бойынша сынға түсті. Логикалық сұрақтарға тез әрі нақты жауап беру, сиқырлы ұяшықтарда жасырынған жұмбақтар шешімі мен мақалдардың мағынасын ашу, 1 минуттық сұрақтарға қысқа әрі тез жауап қайтару кезеңдері тартысты өтті. Сайыс нәтижесінде 1 орынды ИС-25-1 тобының студенті Шамшедин Әбіш, 2 орынды ЭЭ-25 тобының студенті Жұмсақбай Нұрасыл, 3 орынды ИС-25-3 тобының студенті Жексенбай Камила, 4 орынды ИС-25-3 тобының студенті Туребек Бақтөре иеленіп, дипломдармен марапатталды.

“Жалпы білім беру пәндері-барлық мамандықтар негізі” атты колледжішілік жалпы білім беретін пәндік-циклдік комиссиясы апталығы аясында ағылшын тілі пәні оқытушысы Айдарова Жаңагүл Сисенғалиқызы 20 қараша күні, ТОРА-25-3 тобына “Advantages of the web” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында әртүрлі цифрлық платформалар тиімді қолданылып, білім алушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған топтық және жеке тапсырмалар орындалды. Сабақта ұлттық құндылық элементі ретінде асық ойыны білімді тексеру әдісі ретінде енгізілді. Бұл сабақтың мазмұнын ұлттық мәдениетпен ұштастыруға мүмкіндік берді. Білім алушылар сабаққа белсене қатысып, тақырыпты жақсы меңгеріп, өз ойларын жеткізе білді. Сабақтың мақсаты толықтай орындалды.

Колледжде «Жалпы білім беру пәндері – барлық мамандықтар негізі» тақырыбындағы апталықта химия пәні оқытушысы, педагог-зерттеуші Смагулова Жеміс «IVА топ элементтері. Көміртегі және кремний, қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты көміртек және кремнийдің қасиеттерін ұқсастықтары мен айырмашылықтары арқылы түсіндіре отырып, біртұтас тәрбиенің элементтерін пайдалана отырып басты құндылықтармен салыстыра түсіндіру болды.
Химия сабағында берілген тақырыптарды тек формула мен реакция ретінде емес, адамның өмірімен, табиғатпен, қоғаммен байланыстыра үйретуді «Мағынаны ашу», «Жоғалған формулалар», «Жұмбақ есеп», Микс» генетикалық байланысқа арналған тапсырмаларды орындау арқылы мүмкін болатыны көрінді.
Әріптестер білім алушыларды сабақ арқылы ғылымды тек теория ретінде емес, оның өмірдегі орнын саналы түсінетіндегіне көз жеткізді. Сондай-ақ көміртегі мен кремнийді оқу тек химиялық білім берумен шектелмейді. Бұл тақырып арқылы білім алушы:
• табиғатты түсінеді (экологиялық тәрбие),
• технологияны жауапкершілікпен қабылдайды (әлеуметтік тәрбие),
• ғылымға қызығады (интеллектуалдық тәрбие),
• дүниетанымын кеңейтеді (рухани-адамгершілік тәрбие).
Осылайша химия пәні – біртұтас тәрбиенің қуатты құралына айналатындығына колледж оқытушылары куә болды.

«Жалпы білім беру пәндері–барлық мамандықтар негізі» атты колледжішілік жалпы білім беретін пәндік–циклдік комиссиясы апталығы аясында 19-20 қараша күндері 1-2 курс білім алушылары арасында қоғамдық және жаратылыстану бағытындағы жалпы білім беретін пәндерден колледжішілік олимпиада өткізілді. Дарынды және ғылымға қызығушылығы жоғары білім алушылар білім додасына қатысып, өздерінің білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алды.Шараның мақсаты — білім алушылардың білімін тереңдету, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру және талантты білімпаздарды анықтау болды.

Жатақханадағы студенттермен маңызды кездесу өтті 🩺Бүгін облыстық Физиопульмонология орталығының директорының орынбасары, орталықтың тәжірибелі дәрігері студенттермен арнайы кездесу өткізді.
Кздесу барысында:
– тыныс алу жүйесі ауруларының алдын алу;
– маусымдық инфекциялардан сақтану жолдары;
– салауатты өмір салтының маңызы;
– жатақханада санитарлық тәртіпті сақтау
туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан толыққанды жауап алды.
Мұндай кездесулер жастардың денсаулық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

1 курс білім алушыларына арналған тренинг сабақ “Жаңа ортаға бейімделу”
Мақсаты: топ арасындағы ынтымақтастықты нығайту, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, адамдарды тыңдай білуге, өз ойымен бөлісуге тәрбиелеу.
Колледж педагог- психологы Искалиева Р. Д. Тора-25-1 тобына тренинг өткізді. Тренинг барысында білім алушылар қарым- қатынастарын жақсартумен қатар, зейін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін де дамытып, ойын- жаттығуларға қатысты. Өз ойын еркін айту, сенімді болу сияқты біліктілігін дамытты.

25.11.2025 “Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының тірегі” тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға колледж басшысы К.А. Серикбаев, ДТЖО Н.Ж. Жолдасова және психолог Р.Д. Искалиева, арнайы пән оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
Семинардың мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Шара барысында мамандар студенттерге құқықтық нормалар, қоғамдық тәртіпті сақтау, жауапкершілік және өз құқықтары мен міндеттерін білу жөнінде маңызды ақпараттар ұсынды.⠀
🔹 Заңды білу – азаматтық мәдениеттің көрсеткіші
🔹 Тәртіп – тұрақты қоғамның негізі
🔹 Саналы жастар – қауіпсіз қоғамның кепілі
Семинарға белсенді қатысқан студенттер мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында
ТОРА-23, ТОРА25-1 тобы студенттері “Каспий Авто Парк” ЖШС, “Caspian Trans Corporation” басшысы С.Д. Аушатовпен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттер саланың қазіргі жағдайы, мамандарға қойылатын талаптар және болашақта кәсіби тұрғыда даму мүмкіндіктері туралы маңызды ақпарат алды.
Мұндай пайдалы кездесулер болашақ мамандардың кәсіби бағдарын айқындап, ынтасын арттыра түсетіні сөзсіз.

1-10 желтоқсан аралығында Техникалық кәсіптік пәндер бірлестігінің онкүндік апталығы өтеді. Апталықта өтетін іс-шараларға қатысуға шақырамыз.

17 қараша – Студенттер күніне орай
Yessenov College “King & Queen 2025” байқауы ұйымдастырылды!
Бүгінгі күн біздің студенттер үшін ерекше өтті. Байқау барысында қатысушылар өздерінің таланты мен білімін, батылдығы мен креативтілігін көрсетіп, нағыз көшбасшылық қырларын танытты.
Кештің сәнін келтірген қатысушыларға, қолдау білдірген көрермендерге және ұйымдастырушылар тобына алғыс айтамыз!
YC King&Queen атағына ИС-25-1 тобының студенттері Шамшедин Әбіш және Амангелдіқызы Аделия иеленді
Топ жетекшісі- Нұрбосынова Гүлзағира.

01.12.2025 ж. колледжішілік техникалық пәндік бірлестігі онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Бұл шара — білім алушылардың кәсіби білімін, біліктілігін жетілдіруге бағытталған. Бірлестік жетекшісі Жумабаева Л.К. онкүндік аясында өтетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

Техникалық пәндер циклдік комиссиясының онкүндігі аясында білім алушылардың үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында “Көңілді үзіліс” өткізілді. Студенттерге әртүрлі қызықты ойындар ойнатылып, тәттілермен марапатталды.
Білім алушыларды аптаның тақ күндері өтетін көңілді үзіліске белсене қатысуға шақырамыз!

04.11.2025-07.11.2025 аралығында арнайы пән оқытушысы Жумабаева Л.К. және өндіріс шебері Ниязбаева Н. М. “ КНАУФ Гипс Капшағай” ЖШС мекемесінен құрғақ құрылыс бойынша тағылымдамадан өтіп келген. Онкүндік аясында кері байланыс жасап, оқытушыларға алған тәжірибелерімен бөлісті. Оқытушылар өз пікірлерін ортаға салып ұсыныстар айтылды.

02.12.2025ж. онкүндік жоспарына сәйкес арнайы пән оқытушылары: Кушербаев А.А. және Аманжолов Н. КМ04. ОН4.1. “ Автокөліктің қозғалтқышының құрылымы: цилиндр, поршень, шатунь, иінді білікті шашып жинау” тақырыбында ТОРА 24 тобының студенттерімен шебер сынып өтті. Студенттерге техника қауіпсіздігі туралы ақпарат берілгеннен кейін алдын ала шашып қойған қозғалтқышты жинады. Қалған студенттер сұрақтар қойып, белсенді қатысты.

03.12.2025 жыл колледжімізде “Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру” тақырыбында маңызды кездесу өтті.
Басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Ж.Жолдасова Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Маңғыстау облысы адвокаттар алқасы төреағасының орынбасарлары шараға қатысып, студенттерге құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін білу, заң бұзушылықтың алдын алу бойынша құнды ақпараттар берді.
Кездесу барысында:
– жастарға қатысты өзекті құқықтық мәселелер талқыланды;
– нақты өмірлік жағдайлар арқылы түсіндіру жүргізілді;
– сұрақ-жауап өткізіліп, студенттердің құқықтық сауатын арттыруға бағытталған кеңестер берілді.
Мұндай шаралар жастардың жауапкершілігін арттырып, құқықтық мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосады.

03.12.2025 ж. Онкүндік жоспарына сәйкес арнайы пән оқытушылары жас мамандар Орынбаев Н.М. және Түркістанова Б. С. “ЖИ және ғаламтор ресурстарын тиімді пайдалану” тақырыбында оқытушыларға арналған шебер сынып өткізді. Шарада тиімді платформалараны таңдап, сабаққа қажетті бейнематериалдар, презентациялар жасау, басқа да қажетті мәліметтерді алу жолдары көрсетілді.

Техникалық пәндер бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес 04.12.2025ж. арнайы пән оқытушылары, педагог- зерттеуші Жумабаева Л.К. және жас маман Нурганиева А.Н. “Инженерлік графика және жобалау” пәні бойынша 1 курс А-25 тобына “Бұйымның үш көрінісі бойынша аксонометриялық проекциясын тұрғызу” тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді. Сабақта болашақ сәулетшілерге Autocad бағдарламасы туралы мәлімет беріліп, оның ерекшеліктері туралы айтылды. Сабақта ЖИ элементтері қолданылып, әдіс- тәсілдер арқылы білімдері тексерілді. Білім алушылар сабаққа белсенді қатысты.

05.12.2025ж онкүндіктегі шаралар жоспар бойынша өтті. Арнайы пән оқытушысы, педагог- модератор КМ 05, ОН 5.2 бойынша “ Материалдық құндылықтар (жүктер) түсінігі және жіктелуі” тақырыбында ТОРА-23 тобымен ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты толық ашылып, жүк түрлерімен, соған сәйкес белгіленуі және тасымалдау жолдарымен таныстырды. Сабақтың соңында ұлттық құндылықтарды қолдана отырып қорытындылады.

05.12.2025ж. онкүндік аясында бірнеше шара өтті. Соның бірі арнайы пән оқытушылары Бисемаганбетов Диас пен Дүйсембаев Жандостың КМ 04, ОН 4.2. “Компоненттер мен интерфейстер” тақырыбы бойынша ВТиПО 23 тобына өткізген кіріктірілген сабағы болды. Жас мамандар болса сабақ мақсатын орындап, автоматтандыру жүйесіндегі компоненттердің өзара байланысын талдап, студенттермен топтық жұмыс жасап схемалар құрастырып көрсетті. Сабақ барысында бірнеше платформалар қолданылды.

05.12.2025ж. онкүндіктегі өткен шаралардың бірі “Электр қондырғыларындағы қауіпсіздік ережелері және тәжірибелік дағдылар” шебер-сынып болды. Арнайы пән оқытушылары Байкубеков Б.Қ. мен Ногаев Ә.Н. ЭЭ-23 тобына электр қондырғыларды қосу, пайдалану кезінде қауіпсіздік техникалық ережелерін, қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық шараларды іс-жүзінде көрсетті. Студенттер тәжірибе жүзінде жасап көрді.

Онкүндік аясындағы тағы бір шара 05.12.2025ж. ТОРА -22 тобында КМ 07. ОН 7.6. өткізілген өткен ашық сабақ болды. Тақырыбы: «Аялдама және тұрақ». Арнайы пән оқытушысы Бекенова А.Н. ҚР- ның “Жол қозғалысы ережесіндегі” аялдама және тұраққа байланысты көлік құралдары жүргізушілерінің міндеттерін реттейтін ережелер жиынтығы, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік құралдарына қойылатын техникалық талаптар туралы түсіндіріп, әр түрлі ситуациялық жағдайлармен кері байланыс жасады. Сабақ соңында әр түрлі платформалар арқылы білімдерін қорытындылады.

Теникалық пәндер бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес 08.12.2025ж. арнайы пән оқытушысы, магистр, модератор Т.К. Нурсейтова «Инновациялар дәуірі: менің болжауым» атты жобалар сайысын өткізді. Сайыста әртүрлі мамандықтардан еркін тақырыпта презентация жасап студенттер жоба қорғады. Білім алушылардың белсенділігін, ізденушілігін, жан-жақты екенін байқадық. • Қатысушылар болашақтағы технологиялық, ғылыми, әлеуметтік немесе экологиялық инновациялар туралы өз болжамдарын көрсете білді.

Онкүндік аясында студенттер арасында “ ТezTap Battle” интелектуалдық сайысы өткізілді. Сайысқа АиУ-23 және ЭЭ-23 топтары қатысты.
Сайыстың мақсаты: студенттердің кәсіби ой-өрісін,логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық жан-жақтылығын дамыту.
Қатысқан командалар арнайы номинациялармен және тәтті бокспен марапатталды.

Техникалық пәндер бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес, 8.12.25 күні арнайы пән оқытушысы, педагог-модератор Рабай Әмина ХТ-23 тобының 3-курс студенттеріне КМ 05. ОН 5.2 “Экстракция процесі және құрылғыларының жұмыс істеу принциптерімен танысу” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында білім алушылар экстракцияның негізгі принциптерімен және құрылғыларының жұмыс істеу жүйесімен танысты. Сонымен қатар зертханалық жұмыс арқылы экстракция процесін тәжірибе жүзінде бақылап, тақырыпты терең түсінді.
Сабақта ЖИ элементтері қолданылып, сабақты бекіту тапсырмалары орындалды. Сергіту сәті ерекше форматта ұйымдастырылып, студенттердің қызығушылығын арттырды.

4-6 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен республикалық Worldskills кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындысы бойынша колледжіміздің 4 курс білім алушысы Мұстафа Расина Үздік маман номинациясымен марапатталды. Жетекшісі Матенова Дана Жалгасбаевна. Колледж мерейін асқақтатын жетістіктер көп болсын.

Техникалық пәндер бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес 09.11.2025ж. арнайы пән оқытушысы Сатаева Қ.А және өндіріс шебері Ниязбаева Н.М. СЭ-24 тобына “Майлау және безендіру жұмыстары бойынша SkillLab” шебер сынып өткізді. Мақсаты: WSK стандартына сәйкес майлау және безендіру жұмыстарының орындалу технологиясын меңгеру. Қатысушы студенттер арнайы киімдерін киіп берілген тапсырмаларды орындады.

5.12.2025 күні Турмаханова О.А., Қайрошова Ж.Қ. және Өтепберген Э.Б. жетекшілік ететін ЭЭ-25, ВТиПО-25, ТОРА-25-1 топтары үшін «Мамандығым – менің мақтанышым!» атты тәрбиелік мәні жоғары ашық тәрбие сағаты өтті. Шара барысында студенттер өз мамандықтарының маңызын терең түсіндіріп, кәсіби бағыттылықтарын танытып, таңдалған саласына деген құрмет пен жауапкершіліктің істегі көрінісін көрсетті.

09.12.2025ж. Құдабаева А.Н. және Мусина А.Ж. жетекшілігімен «Компьютерлік желілер және сервистік бағдарламалар» тақырыбында өте қызықты, мазмұны терең сабақ ұйымдастырылды.
Сабақ барысында:
– Компьютерлік желілердің түрлері мен құрылымы талқыланды;
– Сервистік бағдарламалардың қызметі мен түрлері түсіндірілді;
– Студенттер практикалық тапсырмалар орындап, өз білімдерін бекітті;
– Интербелсенді әдістер арқылы топтық жұмыс пен пікірталас жүргізілді.
Сабақта қолданылған платформалар мен іс-әрекеттер:
– Joyteka және Lumio платформаларында тест сұрақтары мен ойындар ұйымдастырылды;
– Cisco Packet Tracer бағдарламасында практикалық жұмыс орындалып, желі модельдері құрастырылды;
– Студенттер құрылғыларға драйвер орнату процесін көрсетті;
– Компьютерлік желілердің негізгі қызметтері мен сервистік бағдарламалардың түрлері түсіндірілді.
Студенттер сабаққа белсенді қатысып, теорияны тәжірибемен ұштастырды.

Техникалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында арнайы пән оқытушылары Мустапаева Г., Рабай Ә. және Самигуллаева А. мен ХТ-23 тобы ұйымдастырған “Hogwarts Chemistry Show” көрермендерді Хогвартс сиқыр әлеміне жетелеп, химиялық эксперименттерді әсерлі сахналық қойылыммен үйлестірді.
Шоу барысында: “Жанбайтын ақша”, “Қараңғыда жарқырайтын ерітінді (люминесценция)” т.б
сияқты тәжірибелер көрсетілді. Білім алушылар өздерін сиқыршы ретінде сезініп, ғылым мен шығармашылықты ұштастырып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Шара оқу мен ойын, ғылым мен қиялды үйлестірген тамаша көрсетілім болды.

10.12.2025ж. Техникалық пәндер бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес арнайы пән оқытушысы Нармұханбетов Д. А-23 тобына КМ 06, ОН 6.4 “Библиографиялық және нормативтік дерекөздермен жұмыс істеу құралдары мен әдістерін пайдалану” бойынша “Ақтау қаласындағы жаңа шағын аудандардың бас жоспарын жасақтау” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында қаладағы жаңа шағынаудандардың жоспарларына тоқталып, инфраструктурасы туралы айтып өтті. Әртүрлі әдістер арқылы сабақты бекітіп, сызбаларды оқу арқылы бағалады.

Киберспорт турнирі өтті!
Жастардың зияткерлік қабілеті мен шапшаңдығын шыңдауға бағытталған 1-4 курстар арасында «Кибер әлем: ақыл мен шапшаңдық» атты киберспорт турнирі жоғары деңгейде өтті.
Турнир барысында қатысушылар өздерінің тактикалық ойлау қабілетін, жылдам шешім қабылдау дағдыларын көрсетті. Тартысты ойын, адреналинге толы сәттер мен әділ бәсеке — бәрі бір алаңда тоғысты.
І орын- Серік Бейбарыс ТОРА-23
ІІ орын- Бисенбай Тимур ИС-24-2
ІІІ орын- Аймұрат Әли ВТиПО-24
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және марапаттармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз!

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні 🇰🇿
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай
«Тәуелсіз ел – ұрпақ арманы» атты мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.
Шара барысында еліміздің өткені мен бүгіні, тәуелсіздік жолындағы ерлік пен елдік рух дәріптеліп, патриоттық әндер шырқалды, әсерлі қойылымдар ұсынылды.
Бұл күн – азаттықтың, бірліктің және жарқын болашаққа деген сенімнің символы.
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, болашағы нұрлы болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Ел — тарихымен, жер — байлығымен, халық — заңымен биік” атты әлеуметтік- гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында арнайы пәндер оқытушылары Айдар Индира мен Жубанова Асел “Тәуелсіздік — аңсаған арман, жеткен мұрат” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:
Студенттерге Тәуелсіздік ұғымының мәнін ұғындыру, оның тарихи маңызын түсіндіру. Егемен елдің жеткен жетістіктеріне шолу жасап, ұлттық мақтаныш сезімін ояту.
Шарамыздың әсерлі өтуіне ардақты қонағымыз — Желтоқсан оқиғасының куәгері, бүгінде қоғам белсендісі Жанғазы Мұхитұлының қатысуы ерекше ықпал етті. Ол кісінің шынайы естеліктері мен жүректен шыққан әңгімелері студенттерге үлкен ой салып, Тәуелсіздіктің бағасын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді. Жастар тарихпен бетпе-бет келіп, өз елінің өткені жайлы тың деректер мен маңызды ақпараттар алды.

12.12.2025 ж. күні “Біртұтас ел – біртұтас жер” — Отан қорғаушыларды тәрбиелеудің идеологиялық негізі тақырыбында “Батырлар күніне” арналған тағылымды сабақ өткізілді.
Сабақ барысында ел қорғаған батырлардың ерлігі, отансүйгіштік пен ұлттық рух жайында кеңінен сөз қозғалды.
Мақсаты — жас ұрпақтың бойына патриоттық құндылықтарды сіңіру

Маңғыстау облысы аумағында «Тәлімгер» білім беру саласындағы әлеуметтік бастамалар мен инновацияларды қолдау қоғамдық қоры «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен ұйымдастырған «ТалпынХалық–2025» байқауында
Есенов колледжінің студенті Тыныштық Нұршат, ғылыми жетекшісі Султанова Клара II орынға ие болды.
Аталған байқау жас буынның әлеуметтік белсенділігін арттыруға, тың идеялар мен жаңашыл жобаларды қолдауға бағытталған. Бұл жетістік – студенттің ізденісі мен жетекшінің еңбегінің жемісі.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа жобалар мен биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!

29.12.2025ж. Облыстық жұмысшы мамандықтарының жабылу салтанатында колледж басшысы К.А.Серикбаев “Талап” КЕАҚ басшысы атынан Алғыспен және арнайы пән оқытушысы Д.Ж.Матенова, білім алушы Р.Мұстафа облыстық басқарма басшысы атынан марапаттарға ие болды. Колледжге “Жоғары білімге жол бастаушы” номинациясы табысталды.

«Ел тарихымен, Жер байлыгымен,
Халык занымен бик!» атты элеуметтік-гуманитарлык пандер бірлестігінін онкундігі аясында 24.12.2025 жылы
дене тәрбиесі пәні оқытушысы А.Ө. Жиенбаевтың «Күш пен төзімділік» такырыбында ашык сабағы өтті.
Денсаулықты нығайтуға күш пен төзімділікке қатысты бірнеше жаттығулар жасалды.
Кедергілер арасымен және эстафеталық жарыс түрінде күш пен төзімділікке жаттығулар жасалды.
Қорыта келе соңында арқан тарту жарысы өтті.

«Ел тарихымен, Жер байлығымен,
Халық заңымен биік!» атты мазмұны терең, тағылымы мол Әлеуметтік — гуманитарлык пәндер бірлестігінің онкүндігі өз мәресіне жетіп, 26.12.2025ж. күні қорытындысы жасалып, жабылу салтанаты өтті.
Онкүндік барысында өткізілген іс — шаралар, танымдық кездесулер мен тағылымды сабақтар жас ұрпақтың тарихи сана — сезімін нығайтып, заңға құрметін арттыруға, ел мен жерге деген жауапкершілігін тереңдетуге зор үлес қосты деп сенеміз!
Онкүндік аясында өткізілген іс — шараларға белсенді қатысқан, жоғары деңгейде ұйымдастырушылық шеберлік танытқаны үшін оқытушылар мен білім алушылар колледж басшысының арнайы алғыс хаттарымен марапатталды!

Жаңа жыл қарсаңында
Қарттар үйіне барып, ақ ниетімізді, жылуымызды бөлістік
Бұл игі іс жәрмеңкеден түскен қаражат пен
ТОРА-23 тобының студенттері және кураторының ақшалай қолдауының арқасында жүзеге асты.
Кішкентай қуаныштың өзі үлкен жылулық сыйлайтынына тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Мейірім мен жанашырлық – әрдайым жүректен басталады.
Осындай сәттер жақсылықтың ұмытылмайтынын еске салады

Жасанды интеллект – білім берудің жаңа мүмкіндіктері
Бүгін колледжімізде арнайы пән оқытушылары Құдабаева А. және Мусина А. жасанды интеллектке арналған тәжірибелік курс өткізді.
Курс аясында жасанды интеллект технологияларының білім беру саласындағы рөлі, оларды сабақ процесінде тиімді пайдалану жолдары және заманауи цифрлық құралдар таныстырылды.
Колледж оқытушылары ЖИ құралдарын оқу материалдарын әзірлеу мен оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруде қолданудың нақты тәсілдерін меңгерді.

23.01.2026 ж. колледжіміздің психологы ұйымдастырған
«Ұстаз болу – жауапты іс» атты тренинг сабағы өтті.
Тренингке колледжіміздің оқытушылары қатысып, педагогтің кәсіби жауапкершілігі, эмоционалдық күйзелістің алдын алу, студенттермен тиімді қарым-қатынас орнату және ішкі мотивацияны сақтау тақырыптары қозғалды. Қатысушылар белсенділік танытып, тәжірибе алмасып, пайдалы психологиялық кеңестер алды.
Бұл кездесу ұжымның бірлігін нығайтып, кәсіби дамуға серпін берген маңызды шара болды.

Облыстық техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығы,
О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің ұйымдастыруымен “Leader’s Voices: Ізденіс. Тәжірибе. Жетістік” тақырыбындағы облыстық мотивациялық кездесу нағыз шабыт алаңына айналды.
Кездесу барысында «Үздік педагог» атағын иеленген тәжірибелі ұстаздар өздерінің кәсіби жолы, ізденісі мен жетістіктері жайлы құнды инсайттарымен бөлісті. Әрбір ой – тәжірибеден туған, әрбір сөз – мотивацияға толы болды.
Колледж атынан 2012 жылы Үздік педагог атағына ие болған ҚР Білім беру ісінің үзлідігі Тұрақова Ғайша Алпамысқызы сөз сөйлеп, педагогикалық қызметтегі тәжірибесі мен жеткен жетістіктерін ортаға салды.
Сонымен қатар, жас мамандар Турмаханова Оралай мен Рабай Амина кездесуге қонақ ретінде қатысып, рухани әсер алды.

“Өмірге “Иә” деп айт “психологиялық онкүндік аясында колледж психологы Искалиева Р.Д. П-25-2 с/ о тобына “ Өмір-ең үлкен құндылық” тақырыбында тренинг сабақ өткізді.
Тренинг мақсаты: білім алушылардың өмірге құштарлығын арттыру, оқуға, білімге деген ынтасын ояту және өз ойларын ортада ашық айтуға баулу.

«Белсенді жас – жарқын болашақ»
▫️Ағымдағы жылдың ақпан айында колледжімізде «Белсенді жас – жарқын болашақ» тақырыбында еріктілер клубының қызметі бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.
▫️Шара барысында студенттерге еріктілер клубының мақсат-міндеттері, негізгі бағыттары және қоғамдағы маңызы таныстырылды.
▫️Сонымен қатар, еріктілік қызметтің жастардың тұлғалық дамуына, әлеуметтік белсенділігін арттыруға тигізетін пайдасы туралы айтылды.
▫️Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, еріктілер қатарына қосылуға қызығушылық білдірген жастар саны артты.

«Саналы жас – қауіпсіз қоғам»
▫️Колледж жатақханасында «Саналы жас – қауіпсіз қоғам» тақырыбында колледж басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Ж.Жолдасова, 11 ш.а полиция лейтенанты Ж.С.Бисенова қатысуымен түсіндірме жұмысы жүргізілді.
▫️Шара барысында студенттерге қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, жеке қауіпсіздік және заң талаптарын сақтау туралы маңызды ақпараттар берілді.
▫️Полиция лейтенанты Ж.С.Бисенова жастар арасында жиі кездесетін құқықтық мәселелерге тоқталып, олардың алдын алу жолдарын түсіндірді. ▫️Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
▫️Аталған шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға бағытталды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» кітап көрмесі
▫️Ағымдағы жылдың ақпан айында колледж кітапханашысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» кітап көрмесін өткізді.
▫️Шараның мақсаты: білім алушыларға жемқорлықтың анықтамасын,сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолдарын ұсынды. Білім алушыларға жемқорлыққа қарсы құқықтық білім беру.
▫️Шара барысында білім алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, оларды әділ, адал, ашық қоғамды құруға шақыру, құқықтық сауаттылықты арттыру туралы баяндалды. Сондай-ақ, кітап көрмесі таныстырылды.

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.

